Бүгінгі кеште Қазақстандағы су тасқыны жағдайы

541
Фотосурет: Gov

Бұған дейін Астана қаласынан, Түркістан және Қостанай облыстарынан, "Қазселденқорғау"  мемлекеттік мекемесінен Солтүстік Қазақстан облысына көмекке барған төтенше жағдайлар министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылуда.

Республика бойынша 38 254 адам өз үйлеріне оралды. 6 727 адам эвакуациялау пункттерінде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жалпы азаматтық қорғау қызметтерімен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда.

Су тасқыны бастағалы бері 12,8 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 6,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 500 мың қапшық,  1 510  тонна инертті материал төселді. Құлсапры қаласында  су басқан аумақтан 196 055 текше метр су сорылды. 

Информация о паводковой ситуации на 18:00 часов

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 20 309  адам, 2 783 техника, 584 су сору және жүзу құралы, 8 әуе кемесі жұмылдырылды.

ТЖМ, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарының ТЖ департаменттерінде жедел желі телефондары қызмет көрсетуде. Жедел желі телефондарына 2 250 қоңырау түсті. Эвакуациалық пункттерде Төтенше жағдайлар департаменттерінің, ТЖМ Апатар медицинасы орталығының психологтары мен медициналық қызметкерлері азаматтармен жұмыс жүргізуде.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -