Қазақстан ТЖМ базаларға оралады

615
Фотосурет: ТЖМ

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысына көмекке барған ТЖМ күштерінің бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылуда, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Бұған дейін Астана қаласынан, Түркістан және Қостанай облыстарынан  Солтүстік Қазақстан облысына көмекке барған төтенше жағдайлар министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылуда» ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп 

Республика бойынша 38 254 адам өз үйлеріне оралды. 6 727 адам эвакуациялау пункттерінде орналасқан. 

Су тасқыны бастағалы бері 12 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 6,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

«Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 500 мың қапшық,  1 510  тонна инертті материал төселді. Құлсапры қаласында  су басқан аумақтан 196 055 текше метр су сорылды» Асқар Шәріп
 
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 20 309  адам, 2 783 техника, 584 су сору және жүзу құралы, 8 әуе кемесі жұмылдырылды.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -