Алматылық өрт сөндірушілер қоймадағы өртті жойды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бүгін Жетісу ауданында металл қоймасында өрт шықты. Алдын ала болжам бойынша өрттің жалпы ауданы - 200 ш. м. Өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің орын алу себебі анықталуда.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады.