Сенаторлар кедендік әкімшілендіру перспективаларын талқылады

616
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары «Жібек Жолы» өткізу бекетінде болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Онда Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен департаментінің, Шекара қызметінің және бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар кеден бекеті қызметінің ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуі, электрондық сүйемелдеу саласы және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мәселелерін талқылады.

Комитет төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов отырысты аша келіп, кеден бекеттері ұлттық қауіпсіздік үшін де, кеден және салық рәсімдерін сақтау үшін де маңызды екенін атап өтті. Кеден бекеттері тауарлар мен көлік қозғалысын бақылауды қамтамасыз етудегі негізгі буын болып табылады.

«Ақпараттық технологияның дамуына орай кеден қызметінекедендік рәсімдердің тиімділігі мен ашықтығын жақсартатын заманауи ақпараттық жүйе енгізілді. Бұл жүйелер жүкті жедел өткізу үрдісін автоматтандыруға, кедендік рәсімдерді оңайлату және жүктердің жөнелтушіден алушыға дейінгі қозғалысының әрбір кезеңін қадағалау арқылы шекарадағы уақыт кідірісін қысқартуға мүмкіндік берді. Осы жүйелердің арқасында біз бизнес шығындарын азайтуды және экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ете аламыз» Сұлтанбек Мәкежанов

Түркістан облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы айтты және жаңа технологиялар мен озық халықаралық тәжірибе өткізу қабілетін 38%-ға арттыруға мүмкіндік бергенін атап өтті. ЕАЭО-ның сыртқы шекарасына өткізу бекеттерінде енгізілген электрондық кезек жүйесі автокөлік құралдарының жинақталу проблемасын шешуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ шекара маңындағы аудандардағы әлеуметтік және криминогендік жағдай жақсарды. Сонымен қатар, шекараны нақты кесіп өткен күні іске қосылатын шетелдік рұқсат бланкісін беру сыбайлас жемқорлық қаупін болдырмауға мүмкіндік берді.

Сенат депутаттары Бауыржан Қонысбаев атындағы өткізу бекетінде болып, «Қапланбек» кеден бекеті құрылысының барысымен, сондай-ақ «Тұран» арнайы экономикалық аймағының қызметімен танысты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -