Мәжілісмендер "Әзірет Сұлтан" мешітінің аумағын көгалдандыруға үлес қосты

465
Фотосурет: Т.Таныбаев / Мәжілістің баспасөз қызметі

Бүгін Мәжіліс депутаттары мен Палата аппаратының қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жалпы қалалық сенбілікте олар 350 түп ағаш отырғызды.

Мәжіліс депутаттары мен Аппарат қызметкерлері Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің аумағын көгалдандыруға атсалысты.

Жалпы қалалық сенбілік барысында депутаттар шырша, қарағай, емен және қайың көшеттерін отырғызды.

Сенбілік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірлерін қамтыды. Ал Астанада «Жасыл аймақ» деген атаумен өтуде.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -