24 сағат ішінде 44 IT-жобаны қазақстандық оқушылар әзірледі

1230
Фотосурет: NIS

24 сағатта  зияткерлер 44 бағдарламалық өнімді әзірлеп рекорд орнатты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алматыда «NIS HACKATHON-2024» алғашқы IT чемпионаты аяқталды

Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS-те еліміздің барлық Зияткерлік мектептерінен 180-ге жуық үздік бағдарламалаушылар қатысқан екі күндік IT-марафонның салтанатты жабылуы өтті.

Жоғарғы және кіші лигадағы   командаларға «EdTech» тақырыбында 24 сағат ішінде білім беру саласында ұсынылған сегіз мәселенің бірін таңдап, өздерінің бағдарламалық өнімдерін жасап шығару арқылы мәселенің технологиялық шешімін табу тапсырылған болатын.   

Оқушылар бір тәулік ішінде ақпараттық технологияның соңғы трендтерін, пайдалана отырып, 44 бағдарламалық өнім әзірлеп  рекорд орнатты. Зияткерлер  жасақтаған мобильді қосымшалары, сайттар, web-сервиздерінде   жасанды интеллекттің  түрлі әдістерін қолдана білді.  AI көмегімен үлкен көлемдегі деректерді талдауды, мәтіндерді, суреттерді, музыка мен бейнелерді жасауды, мұғалімдерге тапсырмаларды тексеруді жеңілдетуді, STEM оқытудың тиімділігін арттыруды, гитарада ойнауды үйретуді, болашақ мамандықты таңдауға көмектесуді ойластырып компьютерлік алгоритмдерге шығармашылық және интеллектуалды мазмұн бере алды.  Сонымен қатар оқушылар жасанды интеллектті   бизнес оқыту жобаларында  қарастырып олардың  сатылу мүмкіндіктерін  жоғарлатуға болатынын көрсетті.

"Біз «Жасанды интеллект арқылы оқыту» тақырыбын таңдадық. Біздің шешіміміз нейрондық желіні мобильді қосымшаға біріктіру болып табылады" деп бөлісті павлодарлық зияткер Сабыр Берікұлы.

"Жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандықты таңдау  оңайға түспейді. Біз бұл туралы ертерек ойлануды ұсынамыз. Біздің қосымшаның мақсаты-  7-8 сыныптардан бастап бірнеше пәндердің түйіскен жерінде оқыту.  Қосымша арқылы пайдаланушы соңғы сыныптырда керекті білім жинап аэроспейсинженеринг, биороботикс, биоинженеринг және басқа да  әлемде сұранысқа ие мамандықтар туралы толық түсінікке ие бола алады" деп түсіндірді «Шырақ» жобаларын өскемендік оқушылар Шыңғыс Мағауия мен  Еркежан Ерланқызы.

Хакатонның жабылу салтанатында қазылар алқасы   үздік командаларды анықтап, жеңімпаздарды марапаттады:

 Жоғарғы санатта 1-орынды Астана қаласындағы ФМБ НЗМ командасы, 2-орынды Ақтау қаласындағы  ХББ НЗМ, 3-орынды Атырау қаласындағы ХББ НЗМ иеленді.

Кіші санатта 1-орын-Түркістан қаласындағы ХББ НЗМ, 2-орын Алматы қаласындағы ФМБ НЗМ, 3-орын Астана қаласындағы  ФМБ НЗМ-ге берілді.

Арнайы номинациялардың жеңімпаздары да аталды:

  • «Үздік техникалық шешім» - Павлодар МБН қ. НЗМ командасы / кіші санат/  
  • «Үздік идея» - Алматы қ. ФМН НЗМ командасы / жоғары санат/
  • «Ең үздік презентация»- Түркістан НЗМ командасы / жоғары санат/
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -