Ақмола облысында 6 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген

1405



Бұл туралы бүгін Ақмола облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысы Берген Беспалинов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, облыс бойынша 2019 жылы 6 320 828 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 9,1%-ға өскен.

«Мемлекеттік органдармен 402 565, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен 511 654 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Электронды форматта көрсетілген қызметтер саны 5 406 609 құрап, бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда шамамен 1 миллионға өскен» - деп Б.Беспалинов атап өтті.

Сонымен қатар спикер қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша Ақмола облысының республика бойынша 4,92 балл жинағанын мәлімдеді. Соның өзінде, орташа көрсеткіш 4,73 баллды құрап отыр. Осылайша, облысымыз азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі бойынша 1 орынға ие болды. Қызмет көрсету сапасы ашықтық, қолжетімділік, ыңғайлылық, қызмет көрсетушілердің клиентке бағдарлануы, қызмет көрсету ұзақтығы, шығындар, кері байланыс сапасы және нәтиже сияқты критерийлер бойынша бағаланды. 

«Мемлекеттің ең басты байлығы – адам капиталы. Сол себепті біздің басты міндетіміз – өмір сапасын арттыру. Осыған орай халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру басты міндеттердің бірі болып қала береді» - деп Б.Беспалинов өз сөзін қорытындылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -