Яндекс Алматыдағы көлік қозғалысын көрсете бастады

1978



Яндекс.Карталар Алматыдағы қалалық автобустар мен троллейбустардың қозғалысын көрсете бастады. Енді қажетті көлік дәл қазіргі сәтте қайда келе жатқанын және қанша уақытта жететінін оңай біле аласыз. Мысалы, қолайсыз ауа-райында автобусты аялдамада күтпей-ақ, ол дәл келіп жеткен кезде шыға салуға болады.

Автобустардың қозғалысын бақылау үшін, сізге көліктің бейнелеуін қосу керек - мұны Карталардың веб-нұсқасында және мобильді қосымшада жасауға болады. Yandex.kz/maps-тың веб-нұсқасында қазақ тілі бар, ол төменгі оң жақ бұрышта ауыстырылады.

Қазір Яндекс Алматы қаласының барлық бағыттарын - 127 автобус пен 8 троллейбусты көрсетеді. Қосымшада олар арнайы белгілермен белгіленеді. Картадан сіз көліктің қай жерде келе жатқанын нақты уақыт тәртіптемесі бойынша көре аласыз, ал егер сіз аялдама белгісін бассаңыз, онда ол қанша минутта жететіндігін көресіз. Ақпарат әр 30 секунд сайын жаңартылады, бірақ болжау алгоритмінің арқасында белгі бірқалыпты жылжиды.

«Қазақстанда Яндекс белсенді дамып келеді. Алматы - біз нақты уақыт тәртіптемесінде көлікті бейнелеуді енгізген үшінші қала. Біз үшін Қазақстанның ең үлкен қаласының тұрғындары Яндекс.Карталары арқылы көлікті ыңғайлы пайдалана алуы өте маңызды. Бұған бізге «Бизнес-шешімдер» ЖШС, «Алматы қалалық көліктік холдингі» ЖШС және «Алматы қаласының тұрақты көлігі» ЖШС көмектеседі - олар автобустар мен троллейбустардың қозғалысы туралы мәліметтер береді , - дейді Қазақстандағы Яндекс аймақтық директоры Артём Борисов.

Аялдама белгішесін басқанда, Яндекс.Карталары арқылы өтетін барлық көлік нөмірлерінің тізімі көрсетіледі. Қосымшаны қолдану арқылы, сіз қажетті жерге дейін бағдар құра аласыз. Бұл бейтаныс аймақтан қалай шығуға болады немесе қаланың басқа шетіндегі базарға қалай жетуге болатынын білу үшін пайдалы.

Нет описания фото.

Алматыдан басқа, Яндекс.Карталары Қазақстанның екі қаласында: Нұр-Сұлтан мен Шымкентте көлік қозғалысын көрсетеді. Әлем бойынша Ресейде, Беларуссияда, Өзбекстанда және басқа елдерде осындай 90-нан астам қала бар.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -