Сыра дүкенінің иесі қамауға алынды

513



21 наурыз күні Шахтинск қаласында СЭС өкілдері мен еріктілер тобы рейдке шығып, ТЖ кезінде белгіленген талаптардың бұзылғанын бірнеше рет анықтады.

Сыра дүкендерінің бірі уақыт бойынша жұмыс режимінде енгізілген шектеулерге қарамастан өз қызметін тоқтатпаған. Дүкен иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 6-бөлігі бойынша материалдар жинақталды.

Бұл бапта ескерту немесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза көзделген. Материалдар Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді, оның қаулысымен дүкен иесі үш тәулік мерзімге қамау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -