Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің даму болашағы

885



ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі БАҚ-та мемлекеттік саясатты ақпараттық ілгерілетудің жаңа форматын іске қосты. Сұхбат форматында мемлекеттік органдар өкілдері, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ қоғамдық пікір көшбасшылары қатарынан шақырылған қонақтар халықты еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды орын алатын үдерістер туралы хабардар етеді.

Жаңа форматтағы талқылаудың бірінші тақырыбы «Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері» болды. Ал қонаққа белгілі әлеуметтік кәсіпкер Эмин Аскеров келді.

Сұхбат барысында Э. Аскеров елдегі әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуының негізгі үрдістері туралы бөлісті. Сонымен қатар, ол әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысуға ықпал еткен тарих пен себептер туралы әңгімеледі.

«...Мен әрдайым бизнеспен айналысқым келді және әрдайым адамдарға көмектескім келді. Ал әлеуметтік кәсіпкерлік осы екі бағытты біріктірді. Мен бір жылымды оқуға арнадым, оған қоса мамандығым бойынша кейінгі буынға әлеуметтік қызметкер болдым және 2015 жылы саналы түрде жұмыстан шығып, өзімді осы іске арнадым", - деп атап өтті Э. Аскеров.

Анықтама: ресми деректер бойынша елімізде 250-ге жуық әлеуметтік кәсіпкер тіркелген, олардың 37-сі елордада тұрады. Әлеуметтік кәсіпкерлердің басым бөлігі білім беру және экологияны қорғау саласында әлеуметтік жобаларды іске асырады.

Әңгіме барысында Э. Аскеров «Атемекен» Ұлттық палатасында 2019 жылдың соңында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған кіші комитет құрылғанын хабарлады. Бұдан басқа, барлық әлеуметтік кәсіпкерлермен алғашқы телекөпір өткізіліп, оның қорытындысы бойынша проблемаларды талқылау және шешімдер іздеу жұмыстары басталды.
Эмин Аскеров Мемлекет басшысы К-Ж. Тоқаевпен кездесу барысында алған әсерлерімен бөлісті.

«Кездесу мені шабыттандырды. Мен Президент сөзінен қанаттанып, одан әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қолдау алдым», - деді Э. Аскеров.

"Green Tal" ұйымы 8 бағыт бойынша 62 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді: ұсталық өндіріс; тігін өндірісі; дәнекерлеу қызметтерін ұсыну, сәндік өнер; полиграфиялық қызметтер; киіз өнімдерін дайындау; саңырауқұлақтарды өсіру; "Нұрсая" ТК-де дәмхана жұмысын ұйымдастыру. Ұйымда мүмкіндігі шектеулі адамдар, бұрынғы сотталғандар, жалғыз басты аналар, аз қамтылғандар, менталдық бұзушылықтары бар адамдар (шизофрения, аутизм және ақыл-ой кемістігі) жұмыс істейді.

Әңгіме соңында Эмин Аскеров қазақстандықтарды әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысуға шақырды. Сондай-ақ барлық ниет білдірушілерге өтеусіз негізде консультациялық көмек көрсетеді деп сендірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -