Алматы облысында биылғы жылы ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 1 трлн. теңгеге жетеді

553



Алматы облысы биылғы жылы ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімінің көлемін 1 трлн. теңгеге, қайта өңделген өнім экспортын 23 процент өсіммен 112 млн. АҚШ долларына дейін жеткізу жоспарланған. Жалпы өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 852 млрд. теңгеге жетіп, 3,4 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда өткен есеп беру кездесуінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

- Облыс экономикасында агроөнеркәсіп кешенінің атқаратын маңызды зор. Сондықтан біз осы салада жетекші позицияларды сақтау үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. Жыл сайын қант қызылшасы алқабын ұлғайта отырып 14 мың гектарға, ал қант өндіруді 51 мың тоннаға жеткіздік. Инвесторлармен бірлесіп, қант құрағы шикізатын өңдеу үшін қант зауыттарында жаңғырту жүргізілуде. Бұл зауыттардың жыл бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және 2023 жылға қарай елдің ақ қантқа деген сұранысының 70 пайызын жабуға мүмкіндік береді, - деді А. Баталов. 

Жиында Райымбек ауданындағы өнеркәсіптік картоп өндірісін дамыту ісі туралы да айтылды.

- Біз 100 гектардан бастағанбыз, өткен жылы элиталық сортты картоп 600 гектарға егілсе, биыл 5 мың гектарға егеміз, өнімділігі әдеттегіден 1,6 есе жоғары және 300 центнерді құрайды. Көлемі 2,6 мың гектарлық қарқынды бақтар туралы осыны айтуға болады. Олардың өнімділігі әдеттегіден 1,5 есе жоғары. 2018 жылғы бірінші өнімге қарағанда өткен жылы алма екі есе көп жиналып, 13,5 мың тоннаны құрады, - деді А. Баталов ауыл шаруашылығындағы өткен жылдың жұмысын қорытындылай келе. 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -