Ақмола облысында жас әрі білікті мамандарды ауылдарға жұмысқа тартуда

692

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілер қатарына талантты, прогрессивті және бәсекеге қабілетті кадрларды тартуда. Мысалы, өткен жылы бос мемлекеттік лауазымдарды иеленуге арналған конкурстар қорытындысы бойынша 1277 адам мемлекеттік қызметке орналастырылды.

А.ж. 19 ақпанында Департамент өкілдері Көкшетау қаласының Достық үйінде өткен жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты. Іс-шара барысында Департамент өкілдері тестілеуден өту үрдістері қандай, қандай заңдарды білу керек және мемлекеттік қызметке түсушілерге қандай талаптар қойылады деген сияқты сұрақтарға толық жауап берді.

Бірқатар жас азаматтарды ауыл шаруашылығы саласындағы дипломмен мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу мүмкіндігі қызықтырды. Барлық келушілерге мемлекеттік қызметке іріктеудің барлық кезеңдерінен өту бойынша толығырақ нұсқаулар берілді, ақпараттық кітапшалар таратылып, мемлекеттік қызметтің бос лауазымдарына шолу жүргізілді.

Қазіргі уақытта ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарда кадрлар тапшылығы орын алып отыр. Мысалы, облыс бойынша мемлекеттік қызметтегі бос орындардың 12% ауылдық округтерге тиесілі. Өз кезегінде, мұндай жәрмеңкелер мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыруға ықпал етіп, ауылдық округтерге жас, талантты, білікті мамандарды тарту мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, қазіргі таңда «Дипломмен ауылға» бағдарламасын мемлекеттік қызметшілерге тарату мәселесі қарастырылуда.


 
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -