Қостанайлық ардагерлер ұлықталды

806
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

8 мамыр күні  Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6697 әскери бөлімінің командирі полковник Талғат Әбдіров Шекара қызметі Департаментінің бастығы полковник Алмат Джаржанов және 99260 әскери бөлімінің командирі подполковник Қуаныш Хабиевпен  бірлесіп Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 79 жылдығына орай Қостанай қаласының Ұлы Отан соғысының ардагерлері Петрукович Михаил Феодорович, Шаров Андрей Яковлевич, Брусник Дмитрий Яковлевичтің үйіне барып келе жатқан мереке қарсаңында ардақтыларды мадақтап, гүлшоқтарын сыйлап, отбасыларынп біршама азық—түлік корзиналарын табыстады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аса құрмет етіп үй маңында Ұлттық ұлан әскери оркестрі  соғыс жылдарындағы композицияларын орындап, ән шырқап мерекелік көңіл күй сыйлады.

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында біздің әскери бөлім құрамы ардагерлер қауымына құрмет қылып жыл сайын  құттықтап тұрады. Осындай шаралар ең алдымен тарихты ұмыттырмайды, екіншіден, көріп тұрған жас ұрпаққа үлкен өнеге әкеледі деп сенеміз Ұлттық ұлан 6697 әскери бөлімінің командирі полковник Талғат Әбдіров

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -