Бесқарағай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтуде. Апта ішінде бірқатар іс-шаралар жоспарланған, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Өнегелі ұрпақтың ізгілігі» ұранымен жастар мен еріктілер қарттар және ардагерлердің үйлеріне тазалық жұмысын жүргізді. Шараға 570-ке жуық тұрғын қатысты.
«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында үй аулаларын жинау, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу және т.б. жұмыстар жасалды. Бұдан бөлек, 1000 аса адам тұрақты қатысатын сенбілік өтуде.