Түркістанда ұландықтар көшеде смартфон тауып алып оны иесіне қайтарып берді

920
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

2 мамырда Түркістан қаласының Арбат паркі ауданында патрульдеу бағытында қызмет атқару кезінде 6506 әскери бөлімінің 3 жедел мақсаттағы батальонының әскери қызметшілері «iPhone 13» маркалы ұялы телефонын тапты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әскери жасақ бастығы Равиль Нұрмұхаметов пен патрульшілер Жалғас Жолдасбеков пен Хуснутдин Ұзақбаев орындықтың жанында жатқан телефонды байқады. Ұландықтар табылған жерден кетпеу және телефон иесін күту туралы шешім қабылдады. Бірнеше минуттан кейін жоғалған телефонның артына жас қыз келді. Телефонның осы азаматқа тиесілі екеніне көз жеткізгеннен кейін, ұландықтар оған жоғалған мүлікті қайтарып берді.

Телефон иесі ұландықтарға қырағы және адал қызмет атқарғаны үшін алғыс айтты. Ал әскери қызметшілер өз кезегінде қырағы болуды тілеп, қызмет атқаруды жалғастырды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -