Жеті жобалық команда тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған

1058
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев және бір топ сенатордың қатысуымен Палатаның Жобалық кеңсесі, Maqsut Narikbayev University және Ақмола облысының әкімдігінің бірлескен іс-қимылы аясында БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі акселератор өз жұмысын бастады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Палата Спикері өз сөзінде Мемлекет басшысы орнықты даму мәселелеріне үнемі баса мән беретінін атап өтті. Бүгінде осы саладағы оң өзгерістерді көздейтін жүйелі шаралар жүзеге асырылып, жаңа жобалар әзірленіп жатыр.

Соның барысында ОДМ-ға қол жеткізу бағытындағы бірлескен іс-қимылдың тиімді тетіктерінің бірі ретінде акселератор өз жұмысын бастап отыр.

Оның аясында жеті жобалық-зерттеу тобы 100 күн бойы сенатор-кураторлармен бірге «Мықты денсаулық және игілік», «Сапалы білім», «Лайықты еңбек және экономикалық өсу», «Орнықты қалалар мен елдімекендер» және «Бейбітшілік, әділдік және тәртіп» сияқты орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында жұмыс істейді. Топтардың жұмысының нәтижесі Ақмола облысында пилоттық жобалар ретінде іске асырылатынын атап өткен жөн.

Мәулен Әшімбаев атап өткендей, сарапшылар командасы осындай форматта жұмыс істей отырып, заңнаманы жетілдіру үшін әлеуеті жоғары салалар мен Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы кедергілерді анықтай алады.

«Президентіміздің тапсырмасы бойынша Парламентте Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсат-міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылды. Өңірлермен бірлескен іс-әрекеттің нәтижесінде акселератор өз жұмысын бастап отыр. Ол орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыру аясындағы жүйелі жұмысты жалғастырып, тиімді шешімдер әзірлеудің маңызды тетігі болады деп сенеміз. Алдағы уақытта біз командалардан маңызды мәселелерді шешуге арналған заң жобалары бойынша тың бастамалар, сондай-ақ, Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу және өңірлерді дамыту жөнінде нақты ұсыныстар күтеміз» Деп, Мәулен Әшімбаев осы бағытта бірлесіп белсенді жұмыс істеп келе жатқан сарапшыларға алғыс білдірді

Айта кетейік, акселератор командаларының құрамына Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшелері, Талдау мектебінің түлектері, Maqsut Narikbayev University-дің ғалымдары және шақырылған сарапшылар енді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -