Мереке қарсаңында ерлік сабағы өтті

590
Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Аягөз ауданы С.Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларымен 97616 әскери бөлімінің офицері капитан Мұхамеджан Найманбай және әскери қызметші кіші сержант Данагүл Өмірзақова «Айбынды жастар – ел тірегі!» тақырыбында ерлік сабағын өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталмыш сабақтың негізгі мақсаты – болашақ Отан қорғаушылардың туған еліне, Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне деген патриоттық және мақтаныш сезімін қалыптастыру мен халқымыздың қаһарман ұлы Сағадат Нұрмағамбетовтың өмірі, шығармашылығымен таныстыру және елжандылық пен Отанын қорғай білуге тәрбиелеу. Сонымен қатар, батыр бабамыздың еңбектерін, ерліктерін оқыту арқылы ой-өрісі мен білімдерін дамыту болып табылады.

Ерлікке бағдар болған сабақ барысында әскери қызметшілер батыр Сағадат Қожахметұлының  Ұлы Отан соғысындағы жасаған ерліктері, халқына сіңірген еңбегі және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бергі әскери қызметте болғаны, әскери қызметтің қыры мен сыры, тәртіптілік, төзімділік, қайсарлық жігерліктері туралы кеңінен тоқталып өтті.

Сонымен қатар мектеп оқушылары ойларындағы барлық сұрақтарына жауап алды. Жиын кезінде жалпы еліміздің әскері жайлы және жоғары әскери оқу орындарына түсу тәртібі де сөз болды.

Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен су кешкен заманда жауға қарсы шығып, елін, жерін қорғаған айбарлы да айбынды, ер жүрек, қаһарман батырларымыз қаншама десеңізші. Осындай батыр болмысты, қайсар рухты биік тұлғалардың бірі - Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, аты аңызға айналған даңқты қолбасшы, жазушы - Сағадат Нұрмағамбетов атамыздың ерлігін Отан қорғаушыларға, өскелең ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз Капитан Мұхамеджан Найманбай

Иә, ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, артына өшпес із қалдырған ердің ісін ұмытпай тарихымызды жаңғыртып отыру – бүгінгі ұрпақтың парызы екенін айта кеткен жөн. Елім деп туған ерлердің есімі бір ғасыр өтсе де, ел есінде сақталары сөзсіз.

Іс-шара соңында мектеп басшылығы әскери қызметшілерге жастарға патриоттық тәрбие беру жолындағы еңбектеріне алғысын білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -