Алматыда әскери-спорт кешені көпсайысы бойынша жарыс өтті

479
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қарулы күштердің барлық түрлері мен әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, сондай-ақ жоғары әскери оқу орындарының әскери қызметшілері төрт күн бойы әскери-спорт кешені көпсайысында сайысқа түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Автоматтан ату, қашықтыққа граната лақтыру, белтемірге тартылу, 100 және 3000 метрге жүгіру сияқты кешенді жарыстар Құрлық әскерлері әскери институтының базасында өтті. Финалдық жарыстардың нәтижесі бойынша 24-28 маусым аралығында Минскіде өтетін халықаралық жарыстарға қатысатын Қазақстан Қарулы күштерінің құрамасы жасақталатын болады.

– Жарыстар өте тартысты өтті. Әскери қызметшілер өз күштері мен жылдамдықтарын ғана емес, командалық рухтарын да көрсете алды. Мұндай жарыстарды өткізу әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамытуға және бәсекелестіктің салауатты рухын нығайтуға молынан  мүмкіндік береді. Осы кезеңнің қорытындысына сәйкес, халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысатын Қарулы күштердің құрамасы құрылады, – деп атап өтті Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті төрағасының орынбасары майор Олжас Сердалиев.

Табанды күрестің нәтижесінде көпсайыстан командалық бірінші орынды "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері, екінші орынды Десанттық-шабуылдау әскерлерінің өкілдері, үшінші орынды "Шығыс" ӨңҚ құрамасы иеленді.

Жеке есепте алтын медальді 3-сыныпты сержант Евгений Нам ("Оңтүстік" ӨңҚ), күмісті 3-сыныпты сержант Александр Сысоев (ҚӘӘИ) жеңіп алды. Кіші сержант Акпейіл Кутуев ("Шығыс" ӨңҚ) қола жүлдегер атанды. 3-сыныпты сержант Евгений Нам ("Оңтүстік" ӨңҚ) белтемірге 150 рет тартылды. Оқ атуда 96 ұпай жинаған 3-сыныпты сержант Марат Ибраимов ("Шығыс" ӨңҚ), қашықтыққа граната лақтыруда сержант Асылбек Қарабай (Оңтүстік" ӨңҚ) жоғары нәтиже көрсетті.

3 километрге жүгіруде 3-сыныпты сержант Александр Сысоев (ҚӘӘИ), 100 метрге жүгіруде сержант Асылбек Қарабай ("Оңтүстік" ӨңҚ) тамаша өнер көрсетті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -