Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды DKNews.kz.
Осылайша, Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының авиациялық билік орындары арасындағы келіссөздер қорытындысы бойынша уағдаластықтар шеңберінде ағымдағы жылдың ақпан және наурыз айларында Алматы және Сеул қалаларында, ағымдағы жылдың 15 маусымынан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы Астана – Сеул бағыты бойынша екі елдің астаналары арасында әуе қатынасын қайта бастайды.
Рейстер сыйымдылығы 166 орындық «Эйрбас-А321LR» үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері) жиілікпен Орындалатын болады.
Әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.