Ұландықтар жоғалған телефонды қайтарды

716
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Елордалық ұландықтар қырағылық танытып, жергілікті тұрғынға жоғалған смартфонды табуға көмектесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

26 сәуірде сағат 21:50 шамасында Есіл ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі патрульдік-бекеттік қызметті атқару кезінде қатардағы жауынгер Даниял Ахметов пен патрульдік Рагим Масс пен Әділет Амангелдиевтің құрамындағы әскери жасақ қара түсті iPhone 13 маркалы телефон тапты.

Бұл жағдай туралы патрульдік топтың бастығы аға сержант Бауыржан Жұмабековке баяндалды.

Біз іздеуді бастағаннан кейін осы уақытта телефонға смартфон иесінен қоңырау түсті. Кейін ол табылған жерге келді. Әңгіме барысында біз смартфонның азаматқа тиесілі екендігіне көз жеткізіп, иесіне қайтардық Деп түсіндірді қатардағы жауынгер Даниял Ахметов

Осыдан кейін жас жігіт сарбаздарға қырағы және адал қызмет еткені үшін алғыс айтты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -