Өндіріске Инвестициялар: Қазақстан және" Xinxing group " ынтымақтастық жолында

288
Фотосурет: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қытай Халық Республикасының «Xinxing group» компаниясының Бас директорының міндетін атқарушы Е Маолин мырза бастаған делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Xinxing group» - Қытайдың 4 ірі компаниялар тобынан құралған кәсіпорын. Оның құрамына темір және болат  өндіру саласында  - «Xinxing Ductile Iron Pipes CO.,LTD», Машина жасау саласында - «Xinxing Heavy Industries CO.,LTD», жылжымайтын мүлік құрылысы мен бсқару саласы бойынша - «Xinxing Development Group» және жеңіл өнеркәсіп саласындағы - «Jihua Group CO.,LTD» компаниялары кіреді.

 «Xinxing Ductile Iron Pipes CO.,LTD» (Xinxing) - металл өнімдерінің жылдық көлемі 10 млн тонна, жылдық көлемі 8 млн тонна болат, диаметрі 80-нен 3 000 мм-ге дейінгі 3 млн. тонна құбырлары бар интеграцияланған қайта өңдеу кәсіпорны. Компания өнімдері инженерлік-коммуналдық секторда, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау желілерінде қолданылады.

Осы жылдың наурыз-сәуір айларында «Xinxing» өкілдері құбыр зауытын салу үшін шикізат базасымен танысу мақсатында Текелі тау-кен өңдеу кешені (ТГПК) мен Соколов-Сарыбай тау-кен өңдеу бірлестігінің (ССКӨБ) өндірістік алаңдарында болды.

Кездесу барысында «Xinхing» компаниясы инженерлік желілермен қамтамасыз еткен жағдайда, Қазақстан Республикасынан зауыт салуға дайын екендігін мәлімдеді.

Минстр де өз тарапынан инвестор елімізде осындай өндірісті жолға қойса, инженерлік желілерді салу және жаңарту кезінде кепілді сатып алумен қамтамасыз етілетіндігін мәлімдеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -