Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Президенттің қолынан мемлекеттік наградаға ие болды

287
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы

25 сәуірде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" атты XXXIII сессиясын өткізді. Еліміздің бірқатар өңірлеріндегі су тасқыны нәтижесінде қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, Президент ағымдағы сессияны онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің бірқатар азаматтары халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік тілді дамытуға сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік наградаларға ие болды. Ағымдағы жылдың 24 сәуіріндегі "Шапағат" медалімен Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығының 6697 әскери бөлімінің маманы қатардағы жауынгер Кирилл Пономаренко марапатталды.

- Қазақстан азаматы болғандықтан қазақ тілін білу менің міндетім деп санаймын. Жылдан-жылға елімізде тілдің дамуы мен болашағына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл бәрімізді қуантады. Менің түсінігімде "патриотизм" сезімі тілді құрметтеуден басталады. Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановқа біздің күнделікті қызметтік-жауынгерлік қызметіміз бен кәсіби даярлығымыз шеңберінде мемлекеттік тілді үйрену жөніндегі бастамаларды қолдағаны үшін алғыс айтқым келеді, – деп атап өтті қатардағы Кирилл Пономаренко.

Қатардағы Кирилл Пономаренко Қостанай облысы Амангелді ауданының тумасы. Қазіргі уақытта "Орталық" өңірлік қолбасшылығының 6697 әскери бөлімінде 1 атқыштар ротасының маман-бақылаушысы қызметін атқарады.

Кирилл  Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" және Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат қызыл мол жылдар" сияқты үлкен туындыларын оқып шыққанын айтып өтті.

Мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында ұландық өзінің үш жылдық қызметінде бірнеше рет шығармашылық оқу конкурстарына қатысты. Мәселен, 2023 жылы Ұлттық ұланның жергілікті емес ұлт өкілдері арасында өткізілген "Мемлекеттік тіл - менің тілім"  республикалық байқауы аясында Кирилл Алексеевеич қазылар алқасына ұлы жазушы Мағжан Жұмабаевтың шығармасын ұсынған, ол көрермендер залында ешкімді бей-жай қалдырмай, бірінші орынға ие болды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -