Бас штаб бастығы Қазақстан өңірлеріндегі су тасқынына қарсы күрес шараларын қарап шықты

277
Фотосурет: Gov

Қарулы күштер Бас штабының бастығы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов 61993, 18404 және 99250 әскери бөлімдері әскери қызметшілерінің су тасқынына қарсы атқарып жатқан жұмыстарының барысын тексерді.

Бас штаб бастығы Орал қаласындағы жағдаймен және Жайық өзенінің арнасынан асу салдарын жоюға бағытталған жұмыстардың барысымен танысты. Ми-8 тікұшағымен ол Теректі, Бәйтерек және Бөрлі аудандарын айнала ұшты. 

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары жеке құрамның жұмысына қажетті мүлікпен, медициналық қызметпен және тамақпен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды. 

Әскери қызметшілермен кездесуде генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов оларға батылдығы, төзімділігі және әскери борышына деген адалдығы үшін алғысын білдірді. 

Жеке құрамның қатысу мәселелерін реттеу және су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қосымша күш-құралдар жіберу мақсатында Бас штаб бастығы Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында да болды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -