Қорғаныс министрінің орынбасары оңтүстік аймаққа жұмыс сапарымен барды

419
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Тараз және Гвардейск гарнизондарында генерал-майор Қаныш Әбубәкіров көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін тыл, инфрақұрылымды ұстау, медициналық қамтамасыз ету және қолда бар ресурстарды ұйымдастыру мәселелерін тексерді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-майор Қаныш Әбубәкіров тау қорықшылары полкінде, Бауыржан Момышұлы атындағы 5-механикаландырылған бригадада, Шәкір Жексенбаев атындағы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау батальонында, байланыс, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінде және оңтүстік өңірдің басқа да бөлімдерінде болды.

Сол жерде табиғи апат аймақтарына қосымша материалдық құралдарды, киім-кешек пен жабдықтарды жеткізу мүмкіндіктеріне бағалау жүргізілді. Оларды тиеу, жөнелту және межелі пункттерге апару тәртібі белгіленді. 

Министрдің орынбасары мерзімді қызметтегі сарбаздармен кездесіп, олардың тұратын жерінің жағдайын, тамақтану сапасын және армия өмірінің басқа да компоненттерін тексерді.

Тараз және Гвардейск гарнизондарындағы әскери госпитальдер мен әскери бөлімдерінің медициналық пункттеріне барған кезде министрдің орынбасары олардың жалпы жай-күйін, дәрі-дәрмектер мен жабдықтармен қамтамасыз етілуін тексерді. 

– Қарулы күштердің жауынгерлік әлеуетінің деңгейі әскерлерді тылдық қамтамасыз ету дер кезінде және толық жабдықтауға байланысты. Тылды ұйымдастыруда қате есептеулер азық-түлікпен, отынмен және басқа да әскери мүлікпен уақтылы қамтамасыз етудің бұзылуына әкелуі мүмкін, – деп атап өтті генерал-майор Қаныш Әбубәкіров. – Сондықтан әр командир жеке жауапкершілікті түсініп, осы мәселелерді мұқият қадағалап отыруы керек.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -