Жауынгерлер халыққа көмек көрсетуде

471
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Су басу қаупі Астана қаласы маңындағы Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылында да орын алды.

Бас қаладан 26 километр жерде орналасқан елді мекенде тұрғын үйлерді су басу қаупі бар. Осы орайда, Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінің 140 әскери қызметшісі және 6 техникалық бірлігі еріктілермен бірге тасқынның алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

– Қазіргі уақытта еліміздің басына қиындық туындап тұрған уақыт. Еліміздің бірнеше аймақтарында сутасқыны апаты орын алған сәтте біздің Ұлттық ұланның әскери қызметшілері барлық өңірде өздерінің көмектерін аяп қалып жатқан жоқ. Сөзіміз дәлелдірек болу үшін айта кетейін, Астана қаласынан 26 км қашықтықта орналасқан Жібек жолы елді мекенін су басу қаупі бар деген болжам болды. Біздің 6636 әскери бөлімінің сарбаздары су басу қаупі бар аймаққа жедел жеткізілді және осы уақытқан дейін 2000-ға жуық қап төсеп, тілсіз жауға қарсы күресті жасауда.

– Сонымен қатар, 6636 әскери бөлімінің 140-қа жуық әскери қызметшілері Астана қаласының маңында орналасқан Талапкер елді мекеніндегі дәл осындай су тасқыны алдын-алу шаралары бойынша екі ауысымда тапсырманы орындауда. Ұлттық ұлан – әрдайым халықпен бірге! – деді 6636 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Талғат Қырықбаев.

Жеке құрам Жібек жолы ауылындағы Қарасу көшесіне орналасқан мектептің спорт залында орналасып, тамақтандыруды да ұйымдастырған.

Жібек жолы ауылы 7 ықшамауданының Ержан атты тұрғыны Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне тұрғындардың атынан алғысын жеткізді.

– Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінің басшылығы мен сарбаздарына алғыс айтамын. Су басу қаупі біздің жерімізге де келді. Дегенмен, сарбаздар қолдарынан келген көмектерін аямауда. «Күшіміз – бірлікте!» деген ұранды жалау еткен әскерімізге рахмет. Отан алдындағы борыштарын адал атқарып, аман-есен Отандарына оралсын деген тілегімді айтамын. Еліміздің аспаны ашық болсын, осындай сәтте ауызбіршілігіміз бен бір-бірімізге деген қамқорлығымызды көрсетуіміз қажет, – деді ауыл тұрғыны.

Лейтенант

 Құралай ЖҰМАҚЫЗЫ

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -