Қазақстан Өзбекстанмен шекарада цифрлық шетелдік рұқсат бланкілерін беру жобасын іске қосты

968
Фотосурет: gov.kz

Өзбекстанмен шекарада отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсат бланкілерін беруді қарастыратын пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Рұқсат құжаттарын 2024 жылғы 28 наурыздан бастап «CarGoAlem» электрондық сервисінде алуға болады.

Жобаны Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР Қаржы министрлігінің еншілес ұйымы «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ, ҚР көлік, цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп жүзеге асырды.

Іске қосылған уақыттан бастап бүгінше дейін 2 мыңнан астам рұқсат берілді.

Өткен жылғы мамыр айында осындай пилоттық жоба Қазақстан-Қытай шекарасында сәтті жүзеге асырылып, өзінің жоғары тиімділігін көрсетті. Бұл әдіс бланкілерді бөлу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды және тасымалдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта жүйеде жиынтығында 130 мыңнан астам рұқсат берілді және мемлекеттік бюджетке шамамен 0,5 млрд теңге алым түсті.

Цифрлық бланкілерге ауыстырлады.

Ағымдағы жылғы сәуір айында Қазақстан мен Өзбекстанның ақпараттық жүйелерін интеграциялау есебінен цифрлық рұқсат беру, яғни қағаз бланкілерінсіз пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда. Осылайша, мұндай цифрлық рұқсаттарды заңсыз қайта сатуға мүмкіндік болмайды.

Тиісті бірлескен нормативтік-құқықтық актіге қол қойылды.

Ағымдағы жылғы 12 сәуірде тест режимінде цифрлық рұқсат бланкісінің алғашқы берілуі сыналып, сәтті өтті.

Бұл оқиға екі ел үшін де логистикалық процестерді едәуір оңайлатуға және жүк тасымалын неғұрлым тиімді етуге мүмкіндік береді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -