Тәжірибелі геодезистер су тасқыны аймақтарында жедел өлшеулер жүргізеді

465
Фотосурет: ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Қазақстандағы су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мусин Б.Б. тапсырмасы бойынша Батыс Қазақстан, Атырау және Павлодар облыстарындағы «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК және жеке геодезиялық компаниялардың мамандары арасынан штабтар ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тәжірибелі геодезияшылармен бірлесе Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы Орал, Атырау қалаларында және Январцево, Көшім, Тайпақ, Индербор, Махамбет, Еркінқала, Жаңаталап ауылдарында 8 өлшеу бекеттерінде геодезиялық өлшеу жұмыстарын жедел жүргізіп, сонымен қатар Павлодар облысындағы Ертіс өзеніндегі 6 бақылау-өлшеу станциясын үйлестіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан басқа, Жайық (Орал) өзені бойындағы автомобиль жолдарының үйінділерін, бөгеттің жоғарғы жағын (биіктігін), су басу қаупі бар аймақтарда Жайық өзені бойында қорғау үшін орнатылған қоршау үйінділері мен құрылыстарды геодезиялық өлшеу жүргізіледі.

Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша сыни нүктелер мен қорғалмаған учаскелер айқындалды, оларды нығайту және қосымша қорғаныш үйінділерін орнату қажет.

Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығының мамандары жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ мамандарымен бірлесіп, қалалар мен елді мекендерді су басуды азайту мақсатында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізуде.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -