Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары табиғи апат аймақтарында құтқару жұмыстарын жүргізуде

989
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жергілікті тұрғындарына Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері көмекке жетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараларға Ми-171Ш, Ми-17 және Ми-8 көліктік-жауынгерлік тікұшақтарының экипаждары кірісті.

Қостанай облысында әскерилер Қызылжұлдыз, Екідін елді мекендерінде және жақын маңдағы су басқан қыстақтардан 102 адамды, оның ішінде 32 баланы эвакуациялады. Зардап шеккен азаматтар Арқалық қаласына жеткізіліп, онда оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Ұшу аралығы 130-150 шақырымды құрайды. Қараңғы кезде ұшу түнгі көру құрылғысы арқылы жүзеге асырылуда.

Тікұшақтарды ұшқыштар – полковниктер Қайрат Түгелов, Владимир Семенов, подполковник Миршат Сағындықов, майор Асхат Сейілов және аға лейтенант Ерсін Жұманов басқарады. Ондағы борт жүйелерінің жарамдылығын капитандар Владимир Литовченко мен Асхат Ізмағамбетов бақылайды.

Шығыс Қазақстан облысында іздеу іс-шараларына майор Ерлан Шынәлиев, лейтенант Ұлан Кеңесбаев және борт инженері капитан Сергей Грибановтың басқаруымен Ми-17 тікұшағының экипажы жұмылдырылды. Олар Борлы өзенінің бойында, Аягөз қаласының батысында жоғалған тұрғындарды іздестіруде.

Ақтөбе қаласынан Оралға құтқару жұмыстарын жүргізу үшін полковник Амангелді Мақышев, құрамында майорлар Бейбарыс Ыбыраев пен Рүстем Жайлыбаев бар Ми-8 тікұшақтарының экипаждары ұшып кетті. Әскери ұшқыштардың ұшу тапсырмасы – су тасқынынан зардап шеккен жергілікті тұрғындарды іздеу және оларды көшіру. Ұшқыштар күрделі ауа-райында 400 шақырым қашықтықты еңсеруі керек.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -