Екібастұзда саябақта жарылғыш зат салынғаны туралы жалған хабарлама берген тұрғын ұсталды

5551

Екібастұзда саябақта жарылғыш зат салынғаны туралы жалған хабарлама берген тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

АР

19 қазан сағат 20.35-те Екібастұз қаласының полициясына белгісіз ер адам қоңырау шалып, қала саябақтарының бірінде жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлады.

– Оқиға орнына барлық шұғыл әрекет ету күштері дереу жіберілді. Саперлер, қызметтік іздестіру итімен келген кинолог мұқият тексеру жүргізді, бірақ жарылғыш заттың іздері табылған жоқ. Бірақ жедел қызметкерлер жасырын түрде қоңырау шалған адамды анықтап, ұстады. Ол 1957 жылы туған екібастұздық болып шықты, ол мұндай әрекетке мастықпен барған, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -