Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындалды

16667
«Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің Өкімімен Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Самат Қабайұлы Айтқалиев тағайындалды», -деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
 
 
Облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов оны ұжымымен таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
 
Самат Айтқалиев 1972 жылы Атырау қаласында туған. Білімі жоғары, Алматы автожол институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. 
 
Алғашқы еңбек жолын 1994-1996 жылдары Атырау облысындағы Жол-пайдалану учаскесінде жол жөндеу шебері болып бастайды. 2001-2005 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысады. 
 
 
2005-2008 жылдары «Самнұр» ЖШС директоры, 2008-2010 жылдары «Нұржол» ЖШС директорының орынбасары болып еңбек етеді.
2011-2012 жылдары Атырау облысының құрылыс басқармасы Құрылыс және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бөлімінде бас маман болып қызмет істейді. 
 
2012-2013 жылдары Атырау облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті лицензиялау бөлімінің бас маманы лауазымында болады. 
 
2013-2014 жылдары Мақат ауданы әкімнің орынбасары, "Атырау облысы бойынша құрылыс басқармасы" ММ басшысының орынбасары, 2014-2019 жылдары «Атырауинжстрой» ЖШС директорының техникалық орынбасары, бас инженер болып қызметтер атқарған. 
 
2019-2020 жылдары "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ-да сапаны бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді.
 
С.Айтқалиев 2020 жылдан бұл лауазымға тағайындалғанға дейін «Самрук Казына Девелопмент» ЖШС Техникалық сүйемелдеу бөлімінде қадағалау жөніндегі сарапшы болып еңбек еткен.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -