Ақтөбеде автокөлікті есірткілік масаң күйде басқарған LADA Priora жүргізушісі анықталды

16382

Ақтөбеде автокөлікті есірткілік масаң күйде басқарған LADA Priora жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

AP

Ағымдағы жылғы 2 тамыз күні патрульдік полиция қызметкерлері Сәңкібай батыр көшесіндегі үйдің ауласында жол ережесін бұзғаны үшін, сонымен қатар автокөлікті есірткілік мас күйінде басқарған 46 жастағы жүргізушінің басқаруындағы LADA Priora автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.Автокөлік арнайы тұраққа қойылған. Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -