Алтай ауданының полицейі жоғалған ерекше баланы тапты

5047

Алтай ауданының полицейі жоғалған ерекше баланы тапты, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Ағымдағы жылдың 1 тамызы күні сағат 10:00 шамасында Алтай ауданының учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны О. Мастикбаев патрульдеу кезінде өзін біртүрлі ұстаған 9-10 жас шамасындағы  баланы байқап қалады. Бала Алтай қаласындағы Панфилов көшесі бойындағы соңғы аялдамада тұрған.

Полиция қызметкері баланың кім екенін, сондай-ақ ата-анасының орналасқан жерін анықтау үшін дереу шаралар қабылдай бастады. Баланың оның сұрақтарына жауап бермей, үнсіз тұруы жағдайды қиындатқан, сөйтсе ол ерекше бала екені анықталды.

Тәртіп сақшылары Алтай қаласының психологиялық-неврологиялық диспансеріне жүгініп, нәтижесінде мамандар кәмелет жасына толмаған баланың  жеке басын, тұрғылықты мекенжайын және оның ата-анасының деректерін анықтап біледі. Сонымен қатар баланы медицина қызметкерлері қарап, оның өміріне ештеңе қауіп төндірмегенін айтады.

Кейінрек ата-анасы ұйықтап жатқандықтан ұлдарының үйден қалай кеткенін байқамай қалғаны  белгілі болды. Жоғалып кетіп, полиция қызметкерінің арқасында аман-есен үйіне қайтарылған баланың анасы тәртіп сақшысына алғысын білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -