Афиныда Қазақстанның ЕО-мен ынтымақтастығының болашағы ұсынылған

452
Фотосурет: Gov

Афинада Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың басымдықтары таныстырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

 Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Грекияда тіркелген Еуропа елдерінің Елшілері үшін ЕО-мен ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттары туралы презентация жасады.

Е. Баударбек-Қожатаев кездесуге қатысушыларды «Бүгінгі Қазақстан: Орталық Азия – Еуропалық Одақ саммиті алдында» тақырыбындағы баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, сұхбаттастарға Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың дамуы, 2024 жылы Қазақстанда өтетін өңірдің мемлекет басшыларының 6-шы Консультативтік кездесуі, сондай-ақ «Орталық Азия плюс» форматында өңірлік елдердің әлемдік саяси орталықтарымен өзара іс-қимылы туралы ақпарат ұсынылды.

Іс-шара Балқан және Қара теңіз форумының Елшілер Комитеті аясында ұйымдастырылып, әлемдік және аймақтық саясаттың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

Кездесуге қатысқандар алдағы сайлау оқиғаларының күнтізбесін, оның ішінде 2024 жылғы маусымда өтетін Еуропарламентке сайлау нәтижелерінің Еуропаның саяси ландшафтына әсерін талқылады.

Талқылау аясында көлік байланысының және инфрақұрылым мен логистиканы жақсартудың, энергетикалық қауіпсіздіктің, электр қуаты мен СТГ жаңа жобаларының, сондай-ақ экологиялық және ауылшаруашылық саясатының маңыздылығы аталып өтті.

Спикерлер Қазақстанның аса маңызды шикізат, батареялар және жаңартылатын сутегі салаларындағы ЕО-ның стратегиялық серіктесі екендігін ескере отырып және Орталық Азияның жаңартылатын энергия өндіру саласындағы әлеуетіне назар аудара отырып, Еуропалық Одақтың «жасыл» көшу стратегиясы үшінші елдермен өзара байланыстырылған жүйені құруды көздейтінін атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -