Студенттік алмасу: Қазақстан мен Индонезияның болашағы жастардың қолында

351
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Джакартадағы Елшілігінде «UPNV Jakarta» Индонезия ұлттық даму университетінің халықаралық қатынастар және экономика факультеттерінің, сондай-ақ студенттік алмасу аясында Индонезияда тағылымдамадан өтіп жатқан Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттерімен кездесу өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Болашақ халықаралық мамандарды құттықтай отырып, Елші Сержан Әбдікәрімов Қазақстан мен Индонезия арасындағы достық және өзара тиімді байланыстарды нығайтуда алдағы уақытта байланыстырушы буын және «алтын көпір» рөлін атқаратын екі елдің білім беру және жас кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастығын дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. Ол жастарға 30 жылдық қазақ-индонезиялық әріптестігін дамытудағы табыстар мен жетістіктер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл мемлекет басшылары, үкіметтік және парламенттік делегациялар деңгейінде сапарлар мен кездесулер өткізуде, тауар айналымы мен инвестициялық ынтымақтастықтың, іскерлік, туристік және мәдени-білім беру байланыстарының өсуінде көрініс тапты.

 «UPNV Jakarta» Индонезия ұлттық даму университеті халықаралық кеңсесінің директоры, дипломат Бамбанг Сусантоның пікірінше, ауқымды саяси және экономикалық өзгерістер Қазақстанның прогрессивті және инновацияға ашық мемлекет ретіндегі халықаралық имиджін арттырды. Ол экономиканы әртараптандыру мен монополиясыздандырудың, өңірлік ынтымақтастық пен интеграция үшін халықаралық сауда және инвестициялық байланыстарды кеңейтудің маңыздылығын атап өтіп, ҚР жаңа экономикалық саясатын қолдады.

Б. Сусанто Қазақстанның халықаралық аренадағы сындарлы рөлін және ірі ойыншылармен өзара іс-қимылды жоғары бағалады, индонезиялық және қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа ұсыныстар енгізді.

Іс-шара соңында С. Әбдікәрімов индонезиялық студенттердің сұрақтарына жауап беріп, оларға Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен туристік көрікті жерлері туралы кітаптар табыс етті. Сондай-ақ, қонақтарға бауырсақ, самса және чак-чак қосылған дәстүрлі қазақ шайы ұсынылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -