Қазақстан мен Малайзия автокөлік өндірісінде тәжірибе алмасты

515
Фотосурет: Gov

Куала Лумпурда Қазақстан мен Малайзияның автобус өндірісі саласындағы ынтымақтастығы талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев автобустар, жүк көліктері мен олардың құрамдас бөліктерін шығаратын зауытқа барып, «Tan Chong Group» және «Truckquip» компаниясымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Компания басшысы Сей Тек Мин «Truckquip» компаниясы «Tan Chong Group» компаниясына кіретін еншілес компания екенін және оның компаниясы Малайзияның жолаушылар автобустары мен жүк көліктерін құрастыратын бес ірі компаниялардың бірі екенін айтты. Компания Volvo, Scania, Isuzu сияқты әлемге әйгілі компаниялармен тығыз жұмыс істейді және Таиланд, Индонезия, Вьетнам, Лаос, Камбоджа және Сингапур сияқты елдерде зауыттары бар. «Біздің компания ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі, ал Қазақстан біз үшін басым нарықтардың бірі», – деді кәсіпкер.

Кездесу барысында Қазақстан Елшісі бірқатар малайзиялық компаниялардың Қазақстанда табысты жобалар жүргізіп жатқанын және олар одан әрі кеңейтуге дайын екенін атап өтті. Сонымен бірге ЖЭК, инфрақұрылым, Британдық құқық негізіндегі «Астана» ХҚО қызметі, өнеркәсіп және т.б. салалар бойынша бірқатар мәселелерді талқылады.

Бұған қоса тараптар Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктерін және елде жүріп жатқан реформалар шеңберінде тікелей шетелдік инвестициялар ағынын кеңейтуге бағытталған практикалық және заңнамалық бастамалар мен қолдау шараларын талқылады.

Сей Тек Мин елдер арасындағы тікелей әуе қатынасы осы процестерді жеделдетуге ықпал ететінін атап өтіп, нарықты зерделеу үшін іскерлік миссиямен Қазақстанға келуге дайын екенін білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -