Қытайдағы тұтыну бағалары индексінің өзгеруі екі пайыз шегінде қалады

13776

Қытайдың тұтыну бағаларының орташа индексінің (ТБИ) өсуі 2021 жылы 2 пайыздан төмен болады деп күтілуде, деп мәлімдеді бейсенбіде орталық банк басқарушысы И Ган.

 Ол бұл болжамын Шанхайдағы 13-ші Lujiazui форумында жариялады. Қытай экономикасы алдыңғы өндіріс деңгейіне жақындаған жағдайда, баға үрдісі бақылауда, деді И, орталық банк тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін кәдімгі ақша-несие саясатын жүргізе беретінін айтты.

 Ұлттық статистика бюросының сәрсенбідегі мәліметіне сәйкес, Қытайдағы ТБИ мамырда жылдық есептеу бойынша 1,3 пайызға өсті, ал жылдың алғашқы бес айында орташа ТБИ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4 пайызға өсті.

 Үкіметтің биылғы жұмысы туралы есебіне сәйкес, ел тұтынушылық инфляция нысаналы көрсеткішін 2021 жылға шамамен 3 пайыз деңгейіне қойды.



Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -