Қаңтар-сәуір айларында Қытайдың Хунань провинциясында тұтыну тауарларының импорты 81,5%-ға ұлғайған

564



Ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында Орталық Қытайдағы Хунань провинциясында тұтыну тауарларының импорты 6,74 млрд юаньға өсіп, жылдық есептеумен алғанда 81,5%-ға артқан.

Хунань 4,97 млрд юаньға азық-түлік пен темекі, ішімдік өнімдерін импорттан алған, бұл жалпы импорт көлемінің 73,7%-ы. Жария етліген мәліметтерге сәйкес, күнделікті импорттан әкелінген химия өнімдерінің, сондай-ақ киім-кешек пен аяқ киім, бас киім құны айтарлықтай өсіп, 630 млн юань және 220 млн юаньді құраған. Өсім сәйкесінше 102%-ға және 430%-ға артқан.

Осы кезең аралығында Хунань провинциясының саудадағы ең ірі серіктестері болып Жаңа Зеландия мен Нидерланды танылған.

Ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында Хунаньда тұтыну импортының айтарлықтай өсуіне трансшекаралық компаниялар тарапынан әзірленген ішкі сұранысты арттыруға негізделген жоспардың жүзеге асырылуы ықпал етті деуге болады. Қауіпті дерттің таралуына барынша тосқауыл қойылып, жергілікті кәсіпорындар өндірісті қайта жандандырып, әу баста ескерілген тұтыну шектеулері алып тасталған соң, тұтыну нарығы да қайтадан өз қалпына келіп, импорттан келетін тұтыну тауарларына деген сұраныс та арта түскен.

Айтқандай, халық тұтынатын тауар импортына тиімді негіз қалыптастыруға электронды коммерцияның трансшекаралық платформалары да барынша септік етуде. Соңғы жылдары Хунаньда трансшекаралық электронды сауда өсе түскен, әсіресе Чанша және Юэян қалалары трансшекаралық электронды сауда аясында кешенді пилотты аймақ болып бекітілген тұста. Өз кезегінде бұл тұтыну тауарлары импортының өсуіне де ықпал етпей қойған жоқ.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -