Мәскеуге арнайы рейспен жеткізілген тәжік кәсіпкері коронавирустан қайтыс болды

656



Тәжік кәсіпкері Исломжон Рустамов Мәскеу қаласындағы Склифосовский атындағы ауруханада коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы 25 мамырда Озоди радиосына марқұмның ұлы Додохон Рустамов хабарлады.

"Газойл" компаниясының басшысы Исломжон Рустамов мамырдың басында коронавирус жұқтырған. Ол біраз уақыт үйде емделген, бірақ денсаулығы нашарлаған кезде оны Худжанд қаласындағы ауруханалардың біріне жатқызған.

Рустамов он күн бұрын арнайы рейспен Мәскеу қаласына жеткізілген. Арнайы рейсті кәсіпкердің мәскеулік әріптестері ұйымдастырған.

24 мамырда Рустамов ауруханада қайтыс болды. Тәжік кәсіпкерінің туыстарының айтуынша, марқұмның денесін Худжанд қаласына жеткізеді.

"Газойл" компаниясының Соғды облысында 13 жанармай құю бекеті бар.


CENTRAL ASIAN ©

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -