Жаңадан ашылған "Түркия-Қырғызстан" жүк тасу бағытында Қазақстан жоқ

1066



Түркия мен Қырғызстан арасында теміржол және автожолмен жүк таситын жаңа бағыт ашылды. Ол Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан және Түркия аумақтары арқылы өтеді.

Қырғызстан сауда-өнеркәсіп палатасының өкілі, USB Transit фирмасының жетекшісі Талантбек Маткерим уулуның Азаттық радиосы қырғыз қызметіне хабарлауынша, жаңа бағытты ашу жөніндегі келіссөздер екі жылға созылған.

"Бұл жобаны жүзеге асыруға көп уақыт пен қаражат жұмсалды. Жақында ғана 40 контейнер келіп жетті, тағы 60 контейнер келеді деп күтіп отырмыз. Оларды жеткізуге екі апта уақыт кетті. Түркиядан Arkas Logistic компаниясымен әріптеспіз. Олар тауарды вагондарға тиейді, ол теміржолмен Грузия арқылы Әзербайжанға жеткізіледі. Жүк пароммен Каспий теңізі арқылы Түркіменстанға, Өзбекстанға жетеді, сол жерден Ош қаласына жөнелтіледі", – деді Талант Маткерим уулу.

Кәсіпкер пандемия кезінде бұл бағыт тиімді екенін айтып отыр.

Бұған дейін Қырғызстан мен Түркия арасында тасылатын жүк Қазақстан арқылы өтетін. Түркиядан Қырғызстанға негізінен азық-түлік, құрылыс материалдары, мақта-мата және өнеркәсіп тауарлары, сонымен бірге медициналық заттар жеткізіледі.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, 2019 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 426 млн доллар болды. Өткен жылы қазанда Қырғызстан мен Түркия президенттері сауда көрсеткішін 1 млрд долларға жеткізуге келіскен.


CENTRAL ASIAN ©

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -