Қырғыз үкіметі қоғамдық орындарда маскасыз жүргендер жазаланатынын ескертті

447



Қырғызстанда қоғамдық орында және көлікті медициналық маскасыз жүргендер жазаланады. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, республикалық шұғыл штаб жиналысында бірінші вице-премьер-министр Кубатбек Боронов осылай деп мәлімдеген.

Бірінші вице-премьер әсіресе сауда орталықтары мен дүкендерде тазалық тәртібін қадағалауды тапсырды.

"Бүгін, 25 мамырда, көптеген кәсіпорын мен мекеме жұмыс істей бастады, қоғамдық көліктер жүріп жатыр. Сол себепті қала басшылары, автокөлік кәсіпорындарының жетекшілері Денсаулық сақтау министрлігі талаптарының орындалуын қадағалауы тиіс. Медициналық маска тақпай көшеге шыққан азаматтар коронавирус жұқтырып алуы мүмкін. Сондықтан тұрғындар қоғамдық орындарда маска тағып жүруі керек", - деді бірінші вице-премьер-министр.

Бішкек әкімдігінің хабарлауынша, астанада 110 троллейбус пен 112 автобус, сонымен бірге 800-900 микроавтобус жүріп жатыр. Билік жолаушы таситын қоғамдық көлік салондары таза болуын талап етті.


CENTRAL ASIAN ©

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -