Ашық сот отырысы өтті

775


Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының №2 аудандық соты құрамында төрағалық етуші судья Ж.Баятар мен мемлекеттік айыптаушы Тарбағатай аудандық прокуратурасының прокуроры Б.Ақжасардың және қорғаушы адвокат С.Шокеевтың қатысуымен ашық сот отырысы өтті.

Онда 2018 жылдан бастап ШҚО бойынша ҚАЖД Тарбағатай аудандық №1ПҚБ есебінде тұратын «А» деген азамат (аты-жөні жасырылған),  Тарбағатай ауданы Ақжар ауылының фтизиопульманологиялық орталығында ем қабылдап жатып, ішкі тәртіпке бағынбай және бір жыл ішінде бірнеше рет әкімшілік кұқықбұзушылық жасап, соттың қойған талаптарын орындамағаны үшін ШҚО бойынша ҚАЖД Тарбағатай аудандық №1ПҚБ  бастығы  әділет капитаны Э.М Калымбекова тарапынан бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына айырбастау туралы ұсынысы ашық сот отырысында қаралды. 

Соттың шешімімен ШҚО бойынша ҚАЖД Тарбағатай аудандық №1ПҚБ ұсынысы қанағатандырылды.

Бұған дейін де пробация қызметінің есебінде тұратын аталған азамат бірнеше рет Ақжар ауылындағы орналасқан фтизиопульманологиялық орталығының ғимаратының ішінде қоғамдық орында, адамның қадыр қасиетін кетіріп, имандыдлыққа нұқсан келтіретіндей мас күйде жүріп, медициналық қызметкерлерінің талаптарына бағынбай, ар-намысына тиетін сөздер айтып боқтап, балағаттап ұсақ бұзақылық  жасаған.

Осыған орай осы сотталған тұлғаға қатысты құжаттар жинақталып, сотқа жолданған болатын. Алайда 2019 жылы сот тарапынан оның түзелуіне 1 мүмкіндік беріліп пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырудан бас тартқан. «Көп асқанға- бір тосқан» демекші құқық бұзушылық жасауын доғармай осы күнге жеткен аталған азамат қалған жазасын темір тордың ар жағында өтейтін болды.  
 
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -