ҚазҰУ-дың Кереметі!

2507



Елбасымыз Н.Назарбаев бастаған рухани жаңғыру бағдарламасының көрінісі ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің аумағындағы “Керемет” студенттерге қызмет көрсету орталығын айта аламыз.

Осы орталықтың ашылуы академик және де университеттің ректоры Ғ.Мутановқа тиесілі. Бұл орталылықтың идеологиясы қайырымды және ақылды қала, яғни Шығыстың ғұламасы ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің трактаттарына негізделген.

Әл-Фараби өзінің еңбектерінде жазып кеткендей, «қала тұрғындарының рухын қоғамдағы адамгершілік, қайырымдылық, әділеттілік, шынайылық, тұрақтылық, ізгілік көтереді, рухани құндылықтары ғана сақтай алады» – демекші, осы қасиеттерді өсіп келе жатқан жас ұрпақтың санасына сіңіру болып табылады. Яни қоғамды рухани тәрбиелеу арқылы, білім мен ғылымға сүйіспеншілікті арттыру.

Міне сан ғасырлар мен дәуірлер өте келе, бұл ой “al-Farabi university – smart city” атты жобасы – интеллектуалды қала ретінде жүзеге асты, негізгі мақсаты тұлғалық дамуға арналған барлық жағдайдың жасалуы. 

“Керемет” СҚКО дәл осы “al-Farabi university – smart city” атты ерекше ғылыми-инновациялық жоба негізінде ашылған.

Бұл орталықтың аналогы ТМД мемлекеттері арасында жоқ, бұндай орталықпен тек қана Еуропаның алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің жоғарғы оқу орнындары ғана мақтан тұта алады. Мысалаға, Франция және Германия секілді алпауыт мемлекеттерді айта аламыз.

Орталықтың ерекшелігі “бір терезе”, “бір кеңсе” қағидаты бойынша 500 астам оқу-ағартушылық, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, мәдени-демалыстық және жастар орталығының қызметтері бойынша жұмыс атқаруы.

Оқу-ағартушылық бағыты бойынша, студент кеңсесі, тіркеуші кеңсе, бухгалтерлік есеп бөлімі, халықаралық академиялық мобильділікті қамтамасыз ету секторы, әскери жұмылдыру бөлімі, төлқұжат үстелі және мансап және кәсіби даму орталығы секілді қызмет түрлерін ұсынады.

Медициналық орталық Оңтүстік Корея мемлекетімен серіктес, сол себепті медициналық қызметкерлер сол мемлекетпен тәжірибе алмасып өз білімін жетілдірген. Медициналық орталықта студенттер мен қызметкерлер медициналық қызметтердің барлық түрлерін ала алады, яғни анализ тапсыру, ЭКГ, УЗИ-ге түсу, терапевттің қабылдуына кіру деген сияқты көптеген қызмет түрлері.

Әлеуметтік-тұрмыстық бағыт дәріхана, кітап дүкені, фотостудия және т.б. көптеген қызмет түрлерін қамтиды.

Мәдени-демалыстық қызметтер  кинотеатр және студенттік кафені құрайды.

Ал жастар орталығы, жастар ұйымдар комитетінің басшылығы мен ірі студенттік ұйымдардан тұрады. Негізгі миссиясы, студенттердің құқықтарын және мүдделерін қорғау, студенттерге әлеуметтік және басқа да мәселелерді шешуге көмектесу, жастардың әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға жағдай жасау, қоғамның өзекті мәселелерін шешуге қатысу, студенттік әлеуметтік іс-шараларды ұйымдастыру, волонтерлік іспен айналысу, студенттік конференциялар, дөңгелек үстелдер  және көрмелер ұйымдастыру.

Және де елеулі жаңалықтардың бірі, 2018 жылы Керемет СҚКО-да Адалдық дүкенінің ашылуы. Дәл осы Адалдық дүкені – тәрбие мекені болып табылады, дүкеннің мақсаты қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыруға септігін тигізіп, студент-жастарға өздерін жақсы, адал адам ретінде тануға мүмкіндік беру, яғни жастардың ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталған.



Турлиева Ақбота, ҚазҰУ-нің  2- курс магистранты, Алматы

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -