Отан қорғаушылар күні мен 9 мамырға арналған мәдени бағдарлама белгілі болды

3403



Мамыр мерекелеріне арналған барлық іс-шаралар онлайн-режимде өтеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Жастар театрының» ұйымдастыруымен «ZHASTAR MUSIC» онлайн-концерті өтеді. Шара тетардың @zhastar_teatry Іnstagram парақшасында көрсетіледі.

Сондай-ақ 15.00-де М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының «Томирис – царица сакская» қойылымын театрдың Youtube арнасынан тамашалауға болады.

Сонымен қатар Астаналық цирк сағат 15.00-де Отан қорғаушылар күніне арналған әндер аясында жануарлардың (құстар, иттер) қатысуымен «Отан үшін күрес – ерге тиген үлес» атты нөмірін көпшілік назарына ұсынады. Онлайн-қойылымды Facebook-тегі @circusastana, Іnstagram-дағы astanalyqtsirk парақшаларынан және Астаналық цирктің youtube арнасы мен circus-astana.kz сайты арқылы карауға болады.

7 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының ұйымдастыруымен екі онлайн-концерт өтеді. Тұрғындар түскі сағат 15.00-де @kazakorkestr_astana Іnstagram парақшасынан «Отан сақшысы», кешкі сағат 20.00-де @astana_filarmoniy Іnstagram, astana.filarmoniya Facebook парақшалары мен Youtube арнасынан «Біздің елдің жігіттері» атты патриоттық ән кешін тамашалай алады.

Қазақстанда Отан қорғаушылар күні 7 мамырда атап өтіледі. Бұл күні 1992 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Қарулы Күштерді құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Мереке қарсаңында, 7 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Nomad театры» Жеңіс күніне арналған «Жеңістің 75-ші көктемі» атты әскери әндерден спектакль-концерт ұйымдастырады. Онлайн-концерт Іnstagram-дағы @nomad_teatry парақшасында көрсетіледі.

Нұр-Сұлтан қаласының М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры сағат 12:00-де Жеңістің 75 жылдығына арналған «Живые строки, опаленные войной» атты музыка-поэтикалық композициясының премьерасын өткізеді. Қойылымды театрдың Youtube арнасынан тамашалауға болады.

Сондай-ақ Қуыршақ театрының «Сарбаздың бақырашы!» қойылымын Teatr Kukol Nur-Sultan Уoutube арнасынан көре аласыздар. Қойылымның авторы – Л.Жаданов, З.Сагалов, қоюшы режисері – А.Салаева.

«Бейбітшілік және Келісім сарайы» МКҚК сағат 10.00-де елорда тұрғындары мен қонақтарын Ұлы Жеңіс күнімен бейне-ролик арқылы (өлең оқу) құттықтайды. «Соғыссыз ұзақ жолдар» құттықтау ашық хаты Іnstagram-дағы @piramida.astana парақшасында өтеді.

Бұрын хабарланғандай, Нұр-Сұлтанда «Жаужүрек полк» акциясы жаңа форматта өтеді. Ұлы Отан соғысы батырларын еске алу үшін Фейсбук және Инстаграм әлеуметтік желілерінде іске қосылған арнайы акцияға қатысуға болады.

Сонымен қатар елордалық филармония әртістері Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңіс дауысы» челленджін бастады.

Сондай-ақ бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде «Ұлы Жеңіс ешқашан ұмытылмайды» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Еске салсақ, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына орай Нұр-Сұлтанда 3 688 адам жалпы сомасы 180,9 млн теңгені құрайтын біржолғы ақшалай төлем алды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -