Елорданың медицина қызметкерлері денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды талқылады

2382



Елордада медицина ұйымдарының басшылары 2020-2025 жылдарға арналған Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша міндеттерді талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтанда сәби өлімі 53%-ға азайды, деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Бақтияр Макен денсаулық сақтау мекемелері мен медицина ұйымдары басшыларымен болған жиында.

Дегенмен, қала басшылығы босану ұйымдарының жұмысын бұдан да жақсарту қажет деп санайды. Бірінші тоқсан бойынша туу көрсеткіші – 7 241 бала. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 264 балаға көп. Сонымен бірге нәресте өлімінің деңгейі былтырғы 6,7-ге қарағанда 3,7-ні құрады.

Жиын барысында медицина ұйымдарының басшылары жіті миокард инфаркті, жіті инсульт, онкологиялық аурулар және жарақаттар мен жазатайым оқиғалар кезінде медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу бойынша Жол карталарының орындалуы, сондай-ақ босандыру кезінде көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторларының орындалуы және медициналық әлеуметтік сақтандыру мәселелері туралы баяндады.

Қала әкімінің орынбасары билік пен медицина мекемелерінің алдында COVID-19 таралуының алдын алу және коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу бойынша жауапты міндет тұрғанын еске салды.

Нұр-Сұлтан қаласында денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 24 индикатор анықталған. Олардың көпшілігіне бірінші тоқсанда қол жеткізілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -