Мақтаарал ауданының жалпы қызыл судан 620 үй жапа шеккен

4269



Қазіргі таңда Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 4 елдімекені: Жаңа-Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) су астында қалған. Жалпы қызыл судан 620 үй жапа шеккен. Тұрғындарды көшіру үшін 22 эвакуациялық орын даярланған. Бүгінгі күнге бұл орындарға орналасқан адам саны 7000 -ға жуық.

Эвакуациялық бөлімдерде тұрғындарды120 медицина қызметкерлері тексеруден өткізуде. Полиция қызметкерлері Жеңіс, Жаңа-Тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас елімекендеріне 5 блок-бекет қойып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.

Сонымен қатар, көршілес Жетісай ауданы, Қоғалы елдімекенінде қауіпсіздікті күшейту мақсатында 5 техника, 508 адам жұмылдырылған.

Жағдай тұрақты бақылауда, барлық қажетті көмек уақытылы көрсетілуде.



 Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -