ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері мерекеде жетім балалар мен қарттарға барды

654

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері Халықаралық Отбасы күнінде жетім балалар мен қарттарға барды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Халықаралық Отбасы күнінде біздің қызметкерлер жыл сайын отбасылық түрлі жарыстар, ойындар мен викториналар өткізетін. Алайда, биыл екінші жыл пандемияға байланысты барлық іс-шаралар тоқтатылды.

Биыл колония қызметкерлері Халықаралық Отбасы күнінде жетім балалар мен қарттар үйіне түрлі сыйлықтармен барды.

– Бұл күні біз қарттар үйіндегі қарттарымыз бен жетім балаларға ерекше назар аударғымыз келді. Оларға көптеген сыйлықтар мен тәттілер алып, құттықтадық. Біздің ұжым бұл дәстүрді алдағы уақытта да жалғастыратын болады, – деді Болат Майзақов.

Келесі жылы қызметкерлер жетім балаларға арнап спорттық іс-шаралар, ойындар мен түрлі викториналар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -