Қоғамдық тыныштықты күзеткен – Абдраимовтар отбасы

736

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні қарсаңында Polisia.kz редакциясы ішкі істер саласында қызмет атқарып жүрген полицейлердің жанұялары туралы ақпарат ұсынбақ, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Ішкі істер саласында көбінде әке жолын жалғаған жандар қызмет етеді. Әкесі, не ағасының форма киіп жұмысқа кетуі, өзгелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қорғаушы қызметін атқарып жүргенін көріп өскен ұл-қыздары өсе келе осы бағытта қызметке орналасып жатады. Олай деуімізге себеп, елімізде, оның ішінде өңірімізде әулетімен полицейлер болған отбасылар көптеп кездеседі. Мәселен, осындай тәртіп сақшыларының жанұясы Бәйдібек ауданында да бар. Олар Абдраимовтар отбасы. Бүгінде әулеттің тірегі – Бауыржанның ұлдары Артық пен Абзал, әке жолын жалғап, темірдей тәртіпті қажет ететін, қиын да қауіпті саланың қызметкерлері атанған.

Алғабас ауданы Жарықбас елдімекенің тумасы Бауыржан Абдраимов оқуын бітіріп, еңбек жолын 1982 жылы ҚР ІІМ Күзет мемлекеттік мекемесінің бөліміне жұмысқа орналасқан. Сол жерде 2007 жылға дейін абыройлы қызмет етіп, полиция старшинасы шенінде зейнеткерлік демалысына шыққан. Қазіргі таңда Бәйдібек АПБ Ардагерлер кеңесінің мүшесі, әрқашан қоғамдық жұмыстарға белсенділікпен қатысып, жас мамандарға көрген-білген ақылын айтып, тәжірибесімен бөлісіп отырады.

Өз кезегінде Бауыржанның екі ұлы да “Әке көрген оқ жонар” дегендей, әке жолын жалғап, ішкі істер органына қызметке оранласқан. Үлкен ұлы Артық Абдраимов бүгінде, Бәйдібек ауданы полиция бөлімі кезекші бөлімшесінің аға кезекші лаузымында жұмыс жасайды. Шені полиция лейтенанты. Ал, екінші ұлы Абзал Абраимов, 2013 жылдан бері Бәйдібекте қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша қамауда ұстау изоляторының полицейі лауазымында адал қызмет етіп келеді. Шені полиция аға сержанты.

Ұлдарының елдің қамы үшін қызмет етіп, халықтың тыныштығын сақтауға өзіндік үлес қосып жүргенін көрген әкенің қуанышында шек жоқ. Бауыржан Абдраимовтың айтуынша, ұлдарының өздеріне жүктелген міндетті қиналмастан, асқан жауапкершілікпен мінсіз атқарғаны ең маңыздысы. Осыған орай, үнемі ізбасарларына жол сілтеп, жақсы мен жаманды үйретіп келеді. Жұртшылыққа тек ізгі қасиеттермен, жанашырлығымен танылған жанұя, қазір жапырағын жайған бәйтеректей өсіп-өніп келеді. Тәртіп пен төзім салтанат құрған отбасына тек амандық тілейміз!

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -