Алматы МКК балалар шығармашылығының конкурсы

380896

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында, сондай-ақ еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орай, 2021 жылдың 30 сәуірі мен 20 мамыры аралығында Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен балалар шығармашылығының конкурсын өткізеді, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Байқаудың басты мақсаты - дарынды балалардың шығармашылығын қолдау, олардың отбасына, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, сонымен  қатар балалардың салық және кеден мәселелері бойынша сауатын ашу, салалық бағдар беру. 

Байқауға қатысу арқылы әр бала өзіне ұнайтын нәрсені таба алады! 

Біз карантинде пайдалы іспен айналысып, дұрыс бағытта өткізуді қалаймыз.  Байқау аясында балалар сурет, акварель, сия, қарындаштар мен түрлі-түсті бояулар, шығармашылық қолөнермен, Tik-tok немесе Vine бейнематериалдарымен сурет салудың әртүрлі техникаларында өз жұмыстарын еркін түрде дайындай алады. 

Осы әдістердің әрқайсысы балалардың ерекшеліктерін өзінше ашуға мүмкіндік береді. 

Жұмыстарды танымал шығармашылық тұлғалардан тұратын құзыретті қазылар алқасы бағалайды. 

Конкурс жеңімпаздарын БАҚ-да және Алматы қаласы бойынша МКД ресми аккаунттарында жарияланатын 30 бағалы естелік сыйлықтар (велосипед, гироскутор және т. б.), грамоталар мен әсерлі фотосуреттер күтеді!

Байқауға келесі тақырыптар бойынша жұмыстар қабылданады: 

  • Неге e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы маңызды?
  • Менің байланыс орталығына алғашқы қоңырауым 1414-3 (байланыс орталығының қызметкеріне менің бірінші сұрағым 1414-3)
  • Алматы МКД @dgdalmaty, әлеуметтік желілері несімен пайдалы?
  • Салықтар туралы не білемін?
  • Мен кеден саласын осылай көремін

Байқау номинациялары: 

  • Үздік сурет / шығармашылық қолөнер;
  • Үздік Тик Ток (Tik Tok);
  • Үздік вайн (Vine);
  • Үздік бейнеролик (1-3 минут).  

Байқау уақыты:

  • 2021 жылдың 30 сәуірі мен 20 мамыры аралығында өтеді. 
  • Instagram әлеуметтік желісінде онлайн дауыс беру – 2021 жылдың 21 мамырынан 2021 жылдың 25 мамырына дейін.
  • қорытынды шығару және жеңімпаздарды хабарлау-2021 жылдың 27 мамыр айы.
  • жүлделер тапсыру - 2021 жылдың 2 маусым айы.

Орындау жанры мен техникасын конкурсант өз бетінше анықтайды (қарындаштармен, фломастерлермен, бояулармен және борлармен жасалған суреттер, плакаттар, қағаз бен ермексаздан жасалған аппликациялар, скрапбукинг және квиллинг техникасындағы панно мен ашық хаттар, табиғи материалдан жасалған бұйымдар, бейнероликтер, саз бұйымдары және т.б.). 

Жұмыстың артқы жағында, саздан жасалған бұйымның түбінде немесе электронды тасымалдағышта міндетті түрде жұмыстың атауы, қатысушының аты-жөні, оның жасы, қатысушының өкілінің аты-жөні және байланыс телефоны көрсетілуі тиіс. 

Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты, байқауға қатысушы балалардың жұмыстары электрондық нысанда немесе қолма-қол тек алдын ала жазылу бойынша қабылданады.

Толық мәліметтер үшін ұйымдастыру алқасына хабарласу қажет:

  • e-mail: a.bekeeva@kgd.gov.kz 
  • Бекеева Айжан Есболқызы:  8-708-371-40-80 
  • Исенова Кымбат Серікқызы: 8-700-208-09-96 
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -