«Бәйтерек» холдингі төтенше жағдай кезінде дағдарысқа қарсы құралға айналды

983



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 31 наурызда Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде өңірлердегі іскерлік белсенділікті және жұмыспен қамтуды қолдау шараларын атады. Олар төтенше жағдай кезінде ұлттық экономиканы қолдау бойынша мемлекет саясатын іске асырудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

ҚР Президентінің айтуынша, қаражатты нақты экономикаға жедел және тиісті деңгейде жеткізу мақсатында «Бәйтерек» холдингі арқылы тікелей қаржыландыру қарастырылуы мүмкін. Өз кезегінде, «Бәйтерек» холдингі дағдарысқа қарсы құрал бола отырып, Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын орындайды деп сендіргім келеді.

Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру аясында «Бәйтерек» холдингі жылдық 6% сыйақы мөлшерлемесімен және 12 жылға дейінгі мерзімге жалпы сомасы 600 млрд теңгеден аспайтын облигациялық қарыз тартуды жоспарлап отыр. Бұл қаражат өңірлерді дамыту үшін әкімдіктерді қаржыландыруға бағытталады. Осы шара 250 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді және өңірлер мен ірі қалалардағы жобаларды іске асыруға жәрдемдеседі.

Менің ойымша, бұл елдегі әрі жекелеген аймақтағы экономикалық ахуалға оң мультипликативті әсер етеді. Кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің ұтымды тәсілі болады және еңбек нарығында тұрақтылықты қамтамасыз етеді. 

Сонымен қатар, мемлекеттің халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету саясатын іске асыру тиімділігін арттыру мақсатында Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға қосымша қаражат бөлуді мақұлдады 

«Бәйтерек» холдингі қаржы нарығында 180 млрд.теңге тарту жұмыстарын аяқтауда. Бұл қаражат әкімдіктердің облигацияларын сатып алудың қолданыстағы тетігі арқылы кредиттік тұрғын үй салуға бағытталатын болады. Елдің барлық өңірлерінде қосымша 16 мыңнан астам пәтер салуға мүмкіндік береді.

Бұл механизмді, яғни әкімдіктердің облигацияларын сатып алуды, біз 2017 жылдан бастап «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолданып келеміз. Бұл механизм ақшалай қаражатты "револьверлік" қағидат бойынша әр екі жыл сайын айналымда ұстауға, яғни тұрғын үйді сатудан түскен қаражатты жаңа құрылысқа қайта бағыттауға мүмкіндік береді.

Жалпы жиыны 340,2 млрд теңге сомасына әкімдіктердің облигациялары сатып алынды, осылайша, бүкіл ел бойынша 1,8 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 30,3 мың пәтер салынып, пайдалануға берілді. 

«Бәйтерек» холдингі қазір өзінің еншілес ұйымы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы үлкен жұмыс жүргізіп жатыр. Біз мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын толық көрсетуді жалғастырудамыз.

«Бәйтерек» холдингі өзінің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы үлкен жұмыс атқаруда. Біз мемлекеттік қолдау шараларын толық көлемде көрсетуді жалғастыратын боламыз.

Екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар және микроқаржы ұйымдары қарыз алушыларға негізгі қарыз және пайыздық төлемдерді келесі үш айға кейінге қалдыруды ұсынады. Мұндай қолдау оны мемлекеттік және Қордың жеңілдетілген кредит беру бағдарламалары шеңберінде алған қарыз алушыларға көрсетіледі.

ТЖ режимі кезінде біздің Қор жобаны қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына енгізілген өзгерістерді қарастыру үшін оңайлатылған форматқа көшті.

«Бизнестің жол картасы - 2025» шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бойынша қайта құрылымдауға өтінімдерді қарау мерзімі бес күннен бір күнге дейін қысқарды. Сонымен қатар, ТЖ кезеңі аяқталғанға дейін субсидиялар туралы шарттарға қосымша келісімдер талап етілмейді.

Кепілдік құралы шеңберінде жобалық қаржыландыруды қайта құрылымдау туралы өтініштерді біз алты жұмыс сағаты ішінде қарастырамыз. Кәсіпорынның қаржылық есебін талдап, бақылау есептерін жасаудың қажеті жоқ. Егер талаптарға енгізілетін өзгерістер кепілдік шартына әсер етпейтін болса (мысалы, кредитті өтеу кестесін өзгерту), онда қосымша келісімдер жасалмайтындығын ескертемін.

Осындай оңайлатылған форматта, 16 наурыздан бастап кепілдендіру бойынша 70 жобаны қаржыландыру шарттарын қайта құрылымдау туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Бұл жерде сөз бір миллиард теңгеден асатын кепілдіктер сомасы туралы болып отыр. Сонымен бірге, Қор жаңа кепілдіктер беру процесін тоқтатпайды, өйткені аталған мерзім ішінде Қор 50 жобаға кепілдік берді, тағы 37 жоба мақұлданды.

16-30 наурыз аралығында субсидиялау құралы бойынша 58 млрд.теңге сомасына 246 жоба қолдауға ие болды, оның 125-і жаңа жобалар. 109 өтінім бойынша қарыз қайта құрылымдалды және қайта қаржыландырылды, 12 өтінім субсидиялауды алды. Субсидияларға қолдау көрсету «Бизнестің жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында жүзеге асырылды.

«Бәйтерек» холдингі және біздің еншілес ұйымдарымыз халыққа барынша қолдау көрсетуде. Мәселен, Қазақстандық инвестициялық қор еншілес ұйымы ШОБ үшін жалдау ақысын төлеуді үш айға тоқтатты, ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстан ипотекалық компаниясы, Бәйтерек девелопмент ипотекалық төлемдерді төлеуді үш айға үстемеақысыз және айыппұлсыз кейінге қалдырды.

Әрдайым ашық жұмыс істейміз және мемлекеттің дағдарысқа қарсы шаралары аясында бөлінген әрбір теңге бойынша есеп беруге дайынбыз деп сендіремін.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -