Ажар Нақыпбек – республикалық олимпиада жеңімпазы

1267

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 4 курс студенті Ажар Нақыпбек «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша өткен республикалық пәндік олимпиадада екінші орынға ие болды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.



Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде өткен білім сайысына қазақстандық жоғары оқу орындарының 100-ден астам студенті қатысып, бақтары мен баптарын сынады.

Олимпиада онлайн форматта Microsoft Teams және Moodle платформалары арқылы өткізілді.

– Білім сайысында Ажар Нақыпбек жоғары эрудицияны, теориялық және практикалық дайындығын жоғары деңгейде көрсете білді. Нәтижесінде 3 кезеңнің қорытындысы бойынша үздік атанып, екінші орынға ие болды, – дейді студенттің жетекшісі, Шет тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы Гүлнар Ақан.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -